jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-де бақ сынап жүрген, аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов төртінші рет әке атанды. Бұл туралы Sport_Kor Instagram-парақшасына сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақпаратты спортшы жаттығатын DAR PRO TEAM командасының баспасөз қызметі ресми аккаунтына репост жасап растады.

    DAR PRO TEAM парақшасындағы сторис скриншоты
    DAR PRO TEAM парақшасындағы сторис скриншоты: https://www.instagram.com/darteam.kazakhstan

    Әйгілі күрескердің жұбайы дүниеге қыз бала әкелді. Ол отбасының төртінші баласы, әзірге атын кім деп қойғаны белгісіз. Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың енді үш қыз, бір ұлы бар. Үлкен баласы алты жаста, екінші қызы төрт жаста, ұлы екі жаста екені белгілі.

    Қазақстандық UFC жартылай орта салмақтағы үздік үштіктің бірі саналады. Ол соңғы рет 2023 жылы 17 желтоқсанда танымал Стивен Томпсонды жеңген болатын.

    Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.