Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қаржыны үнемдеу мақсатында "Болашақтың ойындары" биыл өтпейтін болды

Опубликовано:

""Болашақтың ойындары" жобасының ашылу рәсімі
"Болашақтың ойындары" жобасының ашылу рәсімі. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде өтетін "Болашақтың ойындары 2026 жылға ауыстырылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды.

Осылайша, биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, биылғы ақпанда президент Татарстанның Қазан қаласында өткен "Болашақтың ойындар бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирі Қазақстанда өтетінін мәлімдеген еді. Ойындар цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал бағдарлама бойынша өтті. Қазақстанның ойыншылары мен командалары спорттың 13 түрі бойынша сайысқа түсті. Жалпы бұл турнирде еліміздің 48 өкілі бақ сынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2091899-memlekettik-qarzhyny-unemdeu-maqsatynda-bolashaqtyng-oiyndary-biyl-otpeitin-boldy/

pixel