Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Dota 2-де жетістікке жету үшін күніне қанша сағат ойнау керек: Аля ABQUEEN Бекбаева жауап берді

Жарияланған күні:

Аля ABQUEEN
Фото: Parimatch

Стример, косплейер және Parimatch амбассадоры Аля ABQUEEN Бекбаева кәсіби дотер мансабын неден бастау керегін айтты.

Кәсіби дотер болуды шештім деп елестетіп көрейік. Неден бастауым керек?

– Қызық сұрақ! Алдымен ойындағы рөлді анықтап, кейіпкерлер пулын таңдап, Dota-ға көп уақыт бөлуге тура келетініне дайындалу керек. Алдымен Сіз 11000 ммр жинауға тиіссіз (Dota 2-дегі ойыншының рейтингі – ред. еск.).

Алдымен не сатып алу керек?

– Компьютер (күледі). Шынымды айтсам, жай ғана компьютер емес, ол қуатты, 1.5 млн теңгеден арзан емес болуға тиіс. Оған қоса, ыңғайлы ойын креслосы керек.

Сіздің бағалауыңыз бойынша, алғашқы қадамнан кәсіби деңгейге дейін қанша уақыт кетуі мүмкін?

– Оның барлығы адамның өзіне байланысты. Қаласаңыз, бар болғаны бір жылда керемет нәтижелерге тез қол жеткізе аласыз. Dota 2 ойынын өмір бойы жай ғана ойнап, мүлдем ештеңеге қол жеткізе алмауыңыз да мүмкін.

Күніне қанша уақыт ойнау керек?

– Мен күніне 6-дан 14 сағатқа дейін ойнаймын, бірақ ол уақытта әрқашан сәтті нәтиже бола бермейді. Сондықтан бұл да, өзіңіздің қабілеттеріңізге байланысты.

Осынша уақыт ойнап, қалай естен ауып, жалығып кетпеуге болады?

– Шынымды айтсам, білмеймін. Менің жүйке жүйем маған баяғыда "қош бол" деп айтқан.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2091917-dota-2-de-zhetistikke-zhetu-ushin-kunine-qansha-sagat-oinau-kerek-alia-abqueen-bekbaeva-zhauap-berdi/