jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Ойыншық қой": мәжіліс депутаты салмақ көтеруден әлем чемпионынан асып түсті

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: instagram/ruslan_berdenov

    Мәжіліс депутаты Руслан Берденов зілтемірді жатып көтеруден 150 кг нәтиже көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ризабек Айтмұханның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәжіліс депутаты Руслан Берденовпен әңгімесін жариялады. Онда 20 жастағы спортшы депутаттан жаттығу залында зілтемірді жатып көтеруде қандай нәтиже көрсететінін сұраған. Руслан Берденов 150 кг екенін айтса, әлем чемпионы өзінің нәтижесі 105 кг деп жауап берген.

    Депутат Айтмұханның жауабына "ойыншық қой", – деп пікір білдірді.

    Ризабек Айтмұханның Instagram stories-і
    Ризабек Айтмұханның Instagram stories-і. Скриншот: instagram/rr1zabek

    Айта кеткен жөн, бүгін Ризабек Айтмұхан 20 жасқа толды. Ол ел тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионатының алтын жүлдесін өткен жылы Сербияда жеңіп алған болатын.

    Материал авторы: Досбол Атажан

    "Ойыншық қой": мәжіліс депутаты салмақ көтеруден әлем чемпионынан асып түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.