jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың есімі белгілі болды

    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері
    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері: Спортты дамыту дирекциясы

    Спортты дамыту дирекциясы көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың тізімін жариялайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты 2-4 мамыр аралығында Ташкентте өтеді.

    Сары құрлық бәсекесінде жекелей сында ел намысын Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Топтық жаттығуда еліміздің атынан Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан өнер көрсетеді.

    "Бұл Азия чемпионатындағы біздің ең негізгі мақсатымыз – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алу. Команданың дайындығы жақсы. Әрдайым қарқынды түрде жаттығу жүргізді. Федерация өз кезегінде қажетті жағдайдың бәрін жасады. Ендігі кезекте біз жүлде алу үшін барымызды саламыз", - дейді Ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова команданың жарысқа дайындығы жайында.

    Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың есімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.