Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ат шабыс маусымы 70 үздік сәйгүліктің бәйгесімен басталды (фото)

Опубликовано:

Алматыда өткен бәйге
Алматыда өткен бәйге. Фото: ultsport.kz/ М. Тажқұранов

1 сәуір Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздің негізгі мақсатымыз – осындай дүниежүзілік ат жарыстарының құрамына кіру. Қазақ халқы мұны ұшқыр бәйге деп атайды, ал дүниежүзінде классикалық бәйге деп жатады. Бәйгеден мұның айырмашылығы – әр аттың өзінің тұқымына сәйкес қысқа қашықтыққа шабады. Мәселен, 2 жасар жылқылар маусымның ашылуында 1000 метр қашықтықтан бастап, 1600 метрге дейін шабады", – дейді ұйымдастырушылардың бірі Мақсат Ахаев.

Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі ат шабыс бойынша өтті.

Атап айтқанда, "Көктем" жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), "Көктем" жүлдесі (ашық), "Ашық" жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "1 мамыр" жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР туған жылқылармен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР туған жылқылар үшін), "Кіріс" жүлдесі. Аталған 9 түрлі ат шабыс 1000, 1200, 1600, 1800, 2000 метр қашықтықта өтті. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысты. 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған Мэрайя атты жылқының бапкері Рамазан Амангелді өзі баптаған сәйгүліктің үмітін ақтағанын айтты.

"Елімізде ұшқыр бәйгеге деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Бүгінгі ат жарысқа қосқан жылқымыз Мэрайя - Қазақстанда туған ат", – дейді атбегі.

Еске сала кетейік, бүгінгі ат жарысынан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі.

Алматыда өткен бәйге
Алматыда өткен бәйге. Фото: ultsport.kz/ М. Тажқұранов

Алматыда өткен бәйге
Алматыдағы бәйгенің жеңімпазы. Фото: ultsport.kz/ М. Тажқұранов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2094485-qazaqstanda-at-shabys-mausymy-bastaldy-foto/

pixel