Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанып, Олимпиадаға жолдама алды

Опубликовано:

Эльжана Таниева
Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль еншілеп, Олимпиада лицензиясын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орын алды. Ал жарыс ережесі бойынша, Олимпиада жолдамасы тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.

Тағы бір қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ал топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2095421-qazaqstandyq-gimnast-aziia-chempiony-atanyp-olimpiadaga-zholdama-aldy/

pixel