jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Футболдан көкпарға ауыстым": көкпардан ел чемпионы спорттағы мансабын футболдан бастаған

    Елдос Асыл
    Елдос Асыл. Фото: instagram.com/eldos_asyl

    Жамбыл облысы көкпар командасының мүшесі Елдос Асыл спорттағы мансабын футболдан бастағанын, марқұм әкесі кәсіпқой футболшы болғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Алғашында футболшы болғанмын. Әкем марқұм кәсіпқой футболшы еді. Ол "Қуат" командасында ойнады. Мен көкпарды таңдадым, өйткені маған ат жақын болды. Бірақ көкпар мен футболды қатар алып жүру мен үшін қиын емес. Оқу-жаттығу жиындарында доп ойнап тұрамыз. Футболда "ПСЖ" командасының жанкүйерімін", – деді Елдос Асыл Ұлттық спорт қауымдастығына берген сұхбатында.

    Айта кетейік, 20-27 сәуір аралығында Қызылордада көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өткен еді. Финалдық кездесуде Жамбыл облысының "Әулиеата" командасы Алматы облысының көкпаршыларын 7:1 есебімен жеңіп, Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды.

    Еске салайық, 1 сәуірде Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысы өтті.

    "Футболдан көкпарға ауыстым": көкпардан ел чемпионы спорттағы мансабын футболдан бастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.