jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Қарапайым жігіт қой": Шавкат Рахмонов жолда қалған көлік жүргізушісіне көмектесті (видео)

    Жол бойындағы көлік
    Жол бойындағы көлік. Видеодан кадр: instagram/aleke_202

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жол бойында қалған көлікті итеріп шығаруға көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Instagram желісінде жарияланған видеоға сүйенсек, оқиға 2 мамырда Алматы қаласының көшелерінің бірінде болған. Жол бойында қалған көлікті 4 ер азамат итеріп шығарған. Солардың ішінде UFC промоушенінің файтері Шавкат Рахмонов та бар.

    "Мына жерде бір көлік жол жиегінде тұрып қалыпты. Шавкатты танымайды ғой деймін. Көлікті итеріп шығарып жіберші деп көмек сұрады. Барып көмектесіп жіберді. Алла разы болсын", – деді видео авторы.

    Ал желі қолданушылары қазақстандық спортшының қарапайымдылығына тәнті болып, оң пікірлерін жазып қалдырды.

    "Шавкат карапайым жігіт қой", "Алла сақтасын Шавкаты, тәрбиесі өте биік дәрежеде", "Қарапайым, өмір көрген жігіт қой", "Алла осындай қарапайым жігіттерге береді. Жарайсың батыр", - деді жұрт.

    "Қарапайым жігіт қой": Шавкат Рахмонов жолда қалған көлік жүргізушісіне көмектесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.