Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына 51-жолдама түсті

Опубликовано:

Велоспортшылар
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Велотректен Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған лицензия жеке спортшыға емес, ұлттық федерацияға беріледі. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 51 лицензия бар.

Еске салайық, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль еншілеп, Олимпиада лицензиясын иеленген еді. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100548-velotrekten-qazaqstan-quramasy-olimpiada-litsenziiasyn-zhengip-aldy/