Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин екі жарым айлық қызын жүзуге баулып жүр (видео)

Опубликовано:

Илья Ильин және Татьяна Ильина
Илья Ильин және Татьяна Ильина. Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің екі жарым айлық қызы спортпен айналысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Khabar TV телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызымызды жүзуге апарып жүрміз. Біз спортқа жақын отбасымыз, сондықтан спорттың қыр-сырын жақсы білеміз. Жас жанұяларға балаларыңызды жүзуге апарыңыздар деп кеңес береміз. Кішкентай бөбектерді үйрететін кәсіби мамандар бар. Жүзу спорты баланың дамуына өте жақсы көмектеседі. Оның ұйқысы тыныш болады, дұрыс тыныс алады", - деді Илья Ильин.

Еске салайық, өткен жылы Илья Ильин екінші рет үйленген еді. Спортшының таңдауы бизнес вумен Татьяна Гордиенкоға түскен. Ал биыл ақпанда ерлі-зайыптының қызы дүниеге келді. Сәбиге Аили деген есім қойылды.

Ильяның бірінші некеден бір қызы бар. Спортшы тұңғыш перзенті Миланамен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2100737-ilia-ilinning-eki-zharym-ailyq-qyzy-sportpen-shugyldanady-video/