Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бесікарбада ояу жатты": 10 шақырымды баласымен жүгіріп өткен марафоншы елді тәнті етті

Опубликовано:

Айгүл Мұқаш
Айгүл Мұқаш. Фото: instagram.com/aigulmukash

Астана тұрғыны Айгүл Мұқаш "Бірлік" марафонында 10 км қашықтықты бесікарбадағы баласымен жүгіріп өткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Таңшолпан" бағдарламасының Youtube желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Марафон болатын күні таңғы 5-те тұрдық. Балам тәтті ұйқыда жатты. Кейін баламды алып, марафон болатын жерге бардым. Жүгіру басталған кезде ұлым оянып алды. 8 км бойы ояу жатты, кейін ұйықтап қалды. Көңіл-күйі өте керемет болды. Бұл марафонға қатысудағы мақсатым - балаларыма үлгі болу", - деді Айгүл Мұқаш.

Сондай-ақ ол марафонға қатысушылар баламен жүгіргеніне қандай көзқараста болғанын айтты.

"Бәрі қолдады. Мен ондай қолдауды күтпедім. Өйткені жұртты таңғалдыратындай нәрсе жасаймын деп ойламадым. Марафонға қатысамын да, қайтамын деп жоспарладым. Адамдардың қолдауы маған күш-қуат беріп, қатты жүгіруіме себеп болды", - деді марафоншы.

Айгүл Мұқаш баламен бірге жүгіру туралы шешімді қалай қабылдағанын да сөз етті.

"Жүкті кезімде Алматы марафонына қатыстым. Босанғаннан кейін де баламмен жүгіре беремін деген мақсат болды. Бесікарбадағы баламен жүгіру тақырыбын зерттей бастадым. Сөйтіп дүйсенбіден басқа күндері баламмен 10 км жүгіремін деген жоспар қойдым. Ұлым ұйықтайтын уақытта, яғни, сағат 9-10 аралығында баламды сыртқа алып шығып, жүгіріп жүрдім", - деді Айгүл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2101625-besikarbada-oiau-zhatty-10-shaqyrymdy-balasymen-zhugirip-otken-marafonshy-eldi-tanti-etti/