Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркебұлан Тоқтар АҚШ-та UFC жауынгерімен күресті (видео)

Жарияланған күні:

Азат Мақсұм мен Еркебұлан Тоқтар
Азат Мақсұм мен Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/stories/erkebulan_toktar

Қазақстандық актер және аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар АҚШ-та отандасы, UFC жауынгері Азат Мақсұммен күресті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еркебұлан Тоқтар Instagram Stories-ке жариялаған видеода оның Азат Мақсұммен күресіп жүргенін көруге болады.

Қазіргі таңда Азат Мақсұм UFC-де өнер көрсететін тағы бір қазақ Асу Алмабаевпен бірге АҚШ-та жаттығып жүр. Алмабаев 15 маусымда UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен жекпе-жекке шығады. Азат ақпанда UFC-дегі екінші жекпе-жегінде америкалық файтер Чарльз Джонсонға есе жіберген еді. Осылайша кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Еркебұлан Тоқтар наурызда Octagon 56 турнирінде өзбекстандық файтер Одилхон Камоловты төрешілердің шешімімен жеңді. Бұл екі спортшының екінші рет кездесуі болды. Бірінші жекпе-жекте Камолов басым түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2105010-erkebulan-toqtar-aqsh-ta-ufc-zhauyngerimen-kuresti-video/