jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Димаш Құдайберген Бахтиер Зайнутдиновты Түркиядағы жеңісімен құттықтады (видео)

    Бахтиер Зайнутдинов пен Димаш Құдайберген
    Бахтиер Зайнутдинов пен Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/sportilinet

    Танымал әнші Димаш Құдайберген футболдан Қазақстан құрамасының және стамбұлдық "Бешікташ" командасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты Түркия кубогын жеңіп алуымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеодан Димаш Құдайберген мен оның әкесі Қанат Айтбаев футболшы Бахтиер Зайнутдиновпен қол алысып, оны жеңісімен құттықтағанын көруге болады.

    "Бешікташ" әлем чемпионы болсын!", - деп тілек білдірді Қанат Айтбаев.

    Түркия кубогының финалында "Бешікташ" ұжымы "Трабзонспорды" 3:2 есебімен жеңген еді. Бұл ойында Зайнутдинов қосалқы құрамда болды және алаңға шықпады. Түркия кубогы – Зайнутдиновтің "Бешікташ" сапындағы алғашқы трофейі. Ол стамбұлдық клубта 2023 жылдан бері ойнап жүр.

    Айта кетейік, 30 жасқа толған Димаш Құдайберген 24 мамырда Стамбұлдағы "Бешикташ" стадионында Stranger деп аталатын жеке концертін берген еді.

    Димаш Құдайберген Бахтиер Зайнутдиновты Түркиядағы жеңісімен құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.