jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Тарихи жеңіс": қазақстандық садақшы қыз Түркиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

    Айкөркем Батихан
    Айкөркем Батихан. Фото: instagram.com/ulttyqatsport.kz

    Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Айкөркем Батихан Стамбұлда (Түркия) өткен он екінші Fetih Cupasi халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айкөркем әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ге жуық сұрмергеннің арасынан топ жарды.

    "Бұрын-соңды жеңіс шыңы бұйырмаған турнирдің алтын жүлдесін иеленіп, Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады", - делінген хабарламада.

    Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, Айкөркем Батихан финалға шығар алдында Түркия елінің мақтанышы, Fetih Cupasi жарысының бірнеше дүркін чемпионы Сена Кечеджиді 5:2 есібімен ұтқан.

    Бұл жарыс 50 метр қашықтықта диаметрі 50 сантиметр болатын пута нысанасы бойынша өткен. 25-30 мамыр аралығында болған халықаралық турнирге 100 әйел спортшы, 180 ер спортшы қатысқан.

    "Тарихи жеңіс": қазақстандық садақшы қыз Түркиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.