jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    60 жасында Азия чемпионатының жүлдегері атанған астаналық дзюдошы туралы не білеміз

    Төлеген Бейісмолдаев
    Төлеген Бейісмолдаев. Фото: instagram.com/qazaqstantv

    Астаналық Төлеген Бейісмолдаев 60 жасында Азия чемпионатының жүлдегері атанған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Таңшолпан" бағдарламасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ардагер спортшының дзюдомен айналысып жүргеніне жарты жыл болды. Ол осы уақыт ішінде дзюдодан ардагерлер арасында Азия чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді. Қазір спортшы әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

    "Осы әрекетіммен жастарға үлгі көрсеткім келеді. Жастар спортпен айналысуы керек. Менің жасым 60-тан асса да, Қазақстанның туын мінберде көтеру – арманым", - деді Төлеген Бейісмолдаев.

    Бапкер Рамазан Тәубәнің айтуынша, ардегер спортшы жаттығу залына күн сайын келеді.

    "Жастармен қалыспай жаттығу жасайды. Кейде жастар шаршап қалған кезде Төлеген ағамыз намысқа тырысып, еңбектенеді. Мұнда кәсіби спортшылар бар. Соларға да ағамыз үлгі болып жүр", - деді жаттықтырушы.

    Еске салайық, 64 жастағы маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға велосипедпен аттанғанын жазған едік.

    60 жасында Азия чемпионатының жүлдегері атанған астаналық дзюдошы туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.