jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесовті Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кім шақырды: вице-министр жауап берді

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

    Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған Станислав Черчесовті бұл қызметке кім шақырғанын және маманның жалақысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ulysmedia.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    3 маусымда ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.

    "Заң бойынша әрбір федерация бас бапкерді өз қалауы бойынша ұсына алады. Адиевтің отставкасынан соң федерация бізге ұсынысын жіберді. Біз келістік. Бірақ оның жалақысы мен өзге де мәселелерді федерация шешеді. Бұл туралы БАҚ-та көп жазылып жатыр. Мұны растайтын да, жоққа шығаратын да ақпарат жоқ. Ең дұрысы, футбол федерациясынан сұрап, нақтылау керек. Әрине, егер айлық бюджеттен төленетін болса, адамдар мұны білуге құқылы. Егер федерация өз тарапынан төлесе, мұны заңды тұрғыдан қарау керек", - деді Жарасбаев.

    Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.

    Станислав Черчесовті Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне кім шақырды: вице-министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.