Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жастағы қазақстандық теннисші "Ролан Гарростың" жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Әмір Омарханов
Әмір Омарханов. Фото: instagram/ktf_krg_tennis

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерепаско жұбы теннистен жастар арасындағы Франция ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ширек финалда Омарханов пен Дерепаско жарыстың 3-орын алған жұбы Томас Фурель (Франция) мен Лука Предамен (Румыния) кездесті. Әмір бастаған жұп үш сетте 6:4, 4:6, 12:10 жалпы есебімен жеңіске жетті. Шешуші тайбрейкте Әмір мен Тимофей 6:9 есебімен жеңілгенімен, үш матч ұпайын қайтарып алды.

Теннисшілер жартылай финалда австриялық Йоэль Шверцлер мен Норвегия өкілі Николай Будков-Кяермен кездеседі. Матч 7 маусымда өтеді.

Қазақстан теннис федерациясының ақпараты бойынша, Әмір Омарханов - жұптық сайыста жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" турнирінің жартылай финалына шыққан қазақстандық теннис тарихындағы үшінші ойыншы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2113860-16-zhastagy-qazaqstandyq-tennisshi-rolan-garrostyng-zhartylai-finalyna-shyqty/