jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Винокуров – чемпион: велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Николя Винокуров, Андрей Ремхе, Тулаторна Сосалама
    Николя Винокуров, Андрей Ремхе, Тулаторна Сосалама. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Алматыда өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық велошабандоз Николя Винокуров 34 км қашықтықты 45:38 секундта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Дәл осы бағдарламада тағы бір отандасымыз Андрей Ремхеге күміс бұйырды. Оның уақыт көрсеткіші – 45:41 секунд. Қоланы Таиландтан келген Тулаторна Сосалама (46:01) иеленді.

    "Қазіргі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығы да сәтті өтті. Күннің ыстығына қарамастан ата-анама берген уәдемді орындауға бар күшімді салдым. Бұл ортақ жеңіс. Қолдаған жандарға мың алғыс!", - деді Николя Винокуров.

    12 маусымға дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесіне 30 елден 450-ге жуық велошабандоз жиналды.

    Винокуров – чемпион: велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.