Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Елена Рыбакина мен Александр Бублик туған күнін тойлап жатыр

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Antonio Borga/Eurasia Sport Images/Getty Images

Бүгін, 17 маусым қазақстандық қос теннисші Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің туған күні. Отандық теннистің негізгі жұлдызына айналған Елена Рыбакина бүгін 25 жасын тойлап жатса, ал бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған Александр Бублик 27 жасқа толып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елена Рыбакина 1999 жылы 17 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол 5 жасынан бастап тенниске әуес бола бастаған. 2016 жылы өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы қадамдарын жасайды. Ал 2018 жылы спортшы Қазақстан атынан өнер көрсетуге шешім қабылдайды.

2022 жылы Елена Рыбакина өзінің мансабындағы ең маңызды жеңісіне қол жеткізді. Осы жылдың шілде айында Елена әлемдегі ең беделді турнир "Уимблдонда" топ жарды. Финалдық ойында ол Тунис елінің өкілі Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Елена Рыбакинаның бұл жеңісі отандық спорт тарихында болған елеулі жаңалық саналды.

Александр Бублик 1997 жылы 17 маусымда Ресейдің Гатчина қаласында дүниеге келген. Александрдың тенниске деген сәби махаббаты екі жасынан басталған. Әкесі Станислав Геннадьевич пен анасы Наталья Анатольевна спорт мектебінде жасөспірімдерге теннис сабағын өткізген. Міне сол кезден бастап Александар теннис әліппесін үйрене бастайды.

2015 жылы Александр Бублик өзінің кәсіби мансабын ITF және ATP Challenger турнирлерінде өнер көрсетуден бастады. Оның кәсіби теннистегі алғашқы қадамдары оңай болған жоқ, бірақ табандылығы мен жігерінің арқасында ол бірқатар қиындықтарды жеңе білді. 2016 жылы ол Францияда өткен ATP Challenger турнирінде жеңіске жетіп, спорт мансабындағы алғашқы маңызды жеңіске қол жеткізді. Бұл жетістік оның әлемдік теннис аренасына көтерілуінің бастамасы болды.

Айта кетейік, қос теннисші де қазіргі уақытта Қазақстан атынан түрлі халықаралық додаларда өнер көрсетіп жүр. Александр Бублик ATP рейтингінде 17-орынға тұрақтаса, Елена Рыбакика WTA рейтингінде 4-орынға жайғасқан.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2118582-bugin-elena-rybakina-men-aleksandr-bublikting-tugan-kuni/