jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

    Михаил Кукушкин
    Михаил Кукушкин. Фото: Tom Dulat/Getty Images for LTA

    Қазақстандық төрт теннисші Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Михаил Кукушкин алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкоға қарсы өткізді. Бұл ойында Кукушкин екі сетте де 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық теннисші іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзимен кездеседі.

    Денис Евсеев рейтингте өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартинодан басым түсті. Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Евсеев 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Оның ендігі қарсыласы – әлемнің 133-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогет.

    Ал Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7).

    Тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Скатов келесі айналымда рейтингте 129-сатыда тұрған словакиялық Лукаш Клейнге қарсы ойнайды.

    Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.