Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы. Фото: Olympic.kz

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандастарымыз алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Еңлік Сертай және Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды.

Жарыстың 1/8 финалында қазақстандықтар Қатар құрамасын 45:15 есебімен жеңді.

Ширек финалда қазақстандық семсерлесушілер Қырғызстан құрамасынан 45:32 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Гонконг құрамасын 44:34 есебімен артта қалдырды.

Ал финалда Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының чемпиондары Жапония құрамасын 40:34 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, шпагамен семсерлесуден аталған төрттік Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2124870-semserlesuden-qazaqstan-quramasy-olimpiada-chempiondaryn-zhengip-aziia-chempiony-atandy/