Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос уақытым көп болды": Геннадий Головкин ҰОК басшысы болуға неге келіскенін айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: t.me/olympickz

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне қалай келгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Геннадий Головкин 26 ақпанда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланған еді. Осыған дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарды.

"Мен өз қызметімді ұсынған жоқпын, олар да маған тікелей ұсыныс тастаған жоқ. Жағдай солай болды. Оған қоса мен кәсіпқой мансабымды ысырып қойып жатқанмын. Күн сайын жаттығуды доғардым, бос уақытым көбейген еді. Жалпы мен спортқа немқұрайды қарамаймын. Спорт жүрегіме өте жақын.

Ал бұл қызмет – елімнің спортын дамытуға үлкен үлес қосудың бір жолы. Мен спортшымын және әрдайым спортшылардың жағындамын. Шенеунік те, саясаткер де емеспін. Халықтың, спортшылардың сөзін сөйлеймін. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне сайлау жарияланған кезде қатысуға келістім. Осылайша, мені сайлады", - деді Головкин Boxing Scene порталына берген сұқбатында.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіби бокстағы карьерасын аяқтауға қатысты пікірін айтқан болатын.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2126739-bos-uaqytym-kop-boldy-gennadii-golovkin-uok-basshysy-boluga-nege-keliskenin-aitty/