Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі актер Бурак Өзчивит Еуро-2024 турнирінде өнер көрсетіп жатқан Түркия құрамасын қолдады

Опубликовано:

Бурак Озчивит
Бурак Өзчивит. Фото: Instagram/burakozcivit

"Сүлеймен Сұлтан" телехикаясының жұлдызы, түрік актері Бурак Өзчивит Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде өнер көрсеткен Түркия ұлттық құрамасының ойнынын қалай тамашалағанын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі актердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Түркия құрамасы Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Аустрия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтті. Белгілі актер Бурак Өзчивит бұл матчты қалай көргенін, Түркия құрамасына қалай жанкүйер болғанын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Бурак Өзчивит жариялаған бейнеде Мерих Демиралдың голы мен Түркия ұлттық құрамасының матчтан кейінгі жеңісті тойлау сәті таспаланған.

Айта кетейік, кеше, 2 шілдеде өткен Түркия мен Аустрия құрамалары арасындағы ойында Мерих Демирал дубль авторы атанып, түріктер ширек финалға жолдама алған болатын. Осы матчта Мерих Демирал екінші голын соққан кейін қолымен ым-ишара көрсеткен. Бұл мәселе бойынша УЕФА түркиялық футболшы "экстремиcтік ишара көрсетті" деп тергеу бастады.

Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің ширек финалдық ойындары 5-6 шілдеде өтсе, жартылай финал 9-10 шілдеге жоспарланған. Ал финалдық ойын 14 шілдеде болады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128341-belgili-akter-burak-ozchivit-euro-2024-turnirinde-oner-korsetip-zhatqan-turkiia-quramasyn-qoldady/