Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду ауыр дертке шалдыққан баланың арманын орындады (фото)

Жарияланған күні:

Авар және Криштиану Роналду
Авар және Криштиану Роналду. Фото: twitter.com/24haberrr

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду қатерлі ісікке шалдыққан Авар есімді баланың арманын орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Hr3 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің жазуынша, 4 жастағы Авар Вецларда (Германия) тұрады. Оның отбасы баланың дертін емдету үшін 2023 жылы Сириядан Германияға қашып келген. Алайда Авардың қатерлі ісігі тым ұлғайып кетіпті.

Авар футболды жақсы көреді және Роналдумен кездесуді армандаған. Баланың арманы Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында орындалды. Авар мен оның әкесі Франкфурттағы (Германия) стадионда Роналдумен кездесті. Португалиялық футболшы 4 жастағы жанкүйерімен суретке түсіп, оның кепкасына, футболкасына және добына қолтаңба қойып берді.

"Сіз менің ұлыма көмектесіп, оны қатты қуанттыңыз. Сізге және командаңызға сәттілік тілеймін. Көп рақмет", - деді Авардың әкесі.

Айта кетейік, Роналду бастаған Португалия құрамасы қазір Германиядағы Еуропа чемпионатына қатысып жатыр. Команда 1/8 финалда Словениядан басым түсіп, келесі кезеңге өткен еді. Енді португалиялықтар 5 шілдеде ширек финалда Францияға қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128833-krishtianu-ronaldu-auyr-dertke-shaldyqqan-balanyng-armanyn-oryndady-foto/