Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әртістік жүзуден әлем кубогы: қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізді

Опубликовано:

Виктор Друзин
Виктор Друзин. Фото: Olympic.kz

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының ақтық сынында қазақстандық спортшылар жүлдеге ілікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін бағдарламада Виктор Друзин 190.1584 ұпай жинап, екінші орыннан көрінді. Дәл осы еркін бағдарламада әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Карина Магрупова алтыншы орынға ие болды.

Ал бұған дейін жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс медаль еншілеген болатын. Олар бұл сында 139.7150 ұпай жинады. Бұл додада бірінші орынды Испания құрамасы иеленсе, үшінші орынға Италия құрамасы жайғасты.

Сондай-ақ Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Айта кетейік, бұдан бөлек акробатикалық бағдарламада Қазақстан әйелдер құрамасы (Наргиза Болатова, Этери Какутиа, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Женгазы) қола жүлдені қанжығасына байлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130471-artistik-zhuzuden-alem-kubogi-qazaqstandyq-sportshylar-zhuldege-qol-zhetkizdi/