jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық теннисші Уимблдон додасында бір күнде екі жеңіске жетті

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Уимблдон додасының екінші айналымындағы ойынын сәтті аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    16 жастағы спортшы Уимблдон турнирінде ресейлік Тимофей Дерепаскомен жұптық сында бірге өнер көрсетеді. Олар бірінші айналымда бразилиялық Энцо Колман де Фрейтас пен неміс Том Сикенбергермен кездесті.

    Омарханов пен Дерепаско 6:7 (5:7), 6:4, 10-8 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 30 минутқа созылды.

    Келесі айналымда қазақстандық-ресейлік дуэт америкалық Кайл Бигун мен Джаггер Личке қарсы ойнайды.

    Омарханов Уимблдон турнирінде бір күннің ішінде екі жеңіске қол жеткізді. Осы жұптық сынның алдында ол жекелей сында өнер көрсетіп, үшінші айналымға шықты. Екінші айналымда қазақстандық теннисші британиялық Люк Хуперді жеңді (161 ITF Juniors) – 6:4, 5:7, 6:3.

    Жасөспірімдер арасындағы тағы бір жұптық сында қазақстандық дуэт жеңіске жетті. Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева америкалық Кристаша Макнейл мен словакиялық Миа Поганкованы 7:6 (7:5), 7:6 (7:3) есебімен ұтты. Екінші айналымда отандастарымыз словакиялық Рената Джамричовамен және жапон Эни Коикемен кездеседі.

    Соня Жиенбаева үшін де бұл бір күнде қол жеткізген екінші жеңісі болды.

    Қазақстандық теннисші Уимблдон додасында бір күнде екі жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.