Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алғаш рет Олимпиада ойындарын бес телеарна көрсетеді

Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасының логотипі
Париж Олимпиадасының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын биыл алғаш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Париж Олимпиадасы Qazaqstan, Qazsport, "Хабар", "Ел арна" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.

"Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. Ал ойын басталғаннан кейін әр арна жарысты спорт түріне қарай әртүрлі уақытта тікелей көрсете бастайды. Қай арна қай бәсекені көрсететінін өзара бөлісіп алған. Бірақ соның ішінде жарыстың басым бөлігін Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Себебі ол арнайы мамандандырылған спорт арнасы", - деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Париждегі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 лицензия бар. Қазақстан сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатысқалы отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2134659-qazaqstanda-algash-ret-olimpiada-oiyndaryn-bes-telearna-korsetedi/