jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Жемқорлықпен айналысып жүрсің": Бақтияр Артаев өзіне тағылған сындарға жауап берді

    Бақтияр Артаев.
    Бақтияр Артаев. Фото: instagram.com/bakhtiyar_artayev

    2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев ASSYLTAS TV Youtube арнасына берген сұқбатында бокс федерациясының вице-президенті болған шағындағы өзіне тағылған сындар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бақтияр Артаев 2021 жылдың маусым айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті қызметін атқарған. Осы уақытта Бақтияр Артаевқа қазақ боксындағы сәтсіздіктер мен жеңілістерге байланысты сындар тағылған болатын.

    "Бокс федерациясының вице-президенті қызметін атқардым. Сол уақытта менің тарапыма небір сөздер айтылды. "Олимпиадада неге қола ғана алдық? Бақтияр сен не істеп жүрсің? Не жемқорлықпен айналысып жүрсің?", - деді

    Бокс федерациясының вице-президенті болып жүргенімде менің алатын айлығым 500 мың теңге болды. Менің артық ешқандай құзіреттілігім жоқ. Оқу-жаттығу жиынына барамын, боксшылардың жаттығуларын бақылаймын, бапкерлердің іріктелуіне мән беремін. Менің негізгі құзіреттілігім осы арнада болды.

    Олимпиада қарсаңында ғана тағайындалдым. Ал әлем чемпионатына бара жатқан кезде мен: "Алтынсыз келсем, орнымнан алып тастаңдар", - деп уәде еттім. Әлем біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола алып келгенде халық: "Біз мықты екенбіз ғой", - деді. Менің де бұрыннан айтып жүргенім – біз бәрінен мықтымыз.Тек әр саланың шенеуніктері мен министрлері өз істерін сүйіп істесе, нәтиже болады. Бұл жерде федерация басшылары емес, министр қызығушылық танытуы қажет. Осындай мәселелерді қолға алса, спорт реттеледі", - деді Бақтияр Артаев.

    Айта кетелік, Франция астанасында өтетін Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

    "Жемқорлықпен айналысып жүрсің": Бақтияр Артаев өзіне тағылған сындарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.