Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиаданың ашылу салтанатына бірқатар әлем жұлдыздары қатысып жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Леди Гага
Леди Гага. Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

Парижде жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионда емес, су үстінде өтіп жатыр. Ұлттық құрамалар қайыққа мініп Париждегі Сена өзенін бойлай қайықпен шеру жасауда. Алғаш болып Грекия Олимпиада құрамасы шықты. Аталмыш дүбірлі доданың ашылу салтанатына бірқатар әлемдік танымал жұлдыздар мен лауазымды тұлғалар қатысып жатыр.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті

Томас Бах
Томас Бах. Фото: Pascal Le Segretain/Getty Images

Эмманюэль Макрон, Франция президенті

Макрон мен Томас Бах
Макрон мен Томас Бах. Фото: Hector Vivas/Getty Images

Джанни Инфантино, ФИФА президенті

Джанни Инфантино
Джанни Инфантино. Фото: Hector Vivas/Getty Images

Леброн Джеймс, баскетболшы

Леброн Джеймс
Леброн Джеймс. Фото: Quinn Rooney/Getty Images

Леди Гага, әнші

Леди Гага
Леди Гага. Фото: Maja Hitij/Getty Images

Салтанатты шарада 100-ге жуық қайық қолданылатыны хабарланған еді. 10 500 спортшы шығыстан батысқа 6000 шақырымды қайықпен жүзіп өтеді. Шеру Трокадеро алаңының маңында аяқталады. Мұнда ашылу салтанатының маңызды бөлігі – Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. 

Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды деп жоспарланған еді. Алайда теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайтын болды. Осылайша, Парижде 79 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140426-olimpiadanyng-ashylu-saltanatyna-birqatar-alem-zhuldyzdary-qatysyp-zhatyr-foto/