Пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесі аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл сында Қазақстан атынан мерген Ирина Юнусметова бақ сынаған болатын. Іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы 8 спортшының қатарынан көріну керек.
Қазақстандық спортшы Ирина Юнусметова 11-орынды иеленіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Александра Ле мен Ислам Сәтпаев Қазақстанға бірінші медальді сыйлады. Олар аралас командалық сында (пневматикалық винтовка, 10 метр) қола жүлдені еншілеген болатын.
Сондай-ақ қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ли Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында марапаттау рәсімі кезінде өз жүлделерін алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140591-qazaqstandyq-mergen-finaldyq-kezengge-shyga-almady/