jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіліп қалды

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: Pascal Guyot / AFP / Getty Images

    Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы айналымында ұтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Александр Бублик теннис турнирінің алғашқы айналымында ATP рейтингінде 11-орында тұрған АҚШ өкілі Тэйлор Фрицке қарсы ойнады. Бұл матчта қазақстандық теннисші 2:0 (4:6, 4:6) есебімен жеңіліп қалды.

    Еске салайық, осыған дейін 2 қазақстандық теннисші Париж Олимпиадасына қатыспайтыны белгілі болған еді. Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның өкпесі қабынып, дәрігерлер жарыс алаңына шығуға рұқсат бермеген. Ал Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты төрт жылдықтың басты бәсекесінен шығып қалды.

    Енді теннистен Қазақстан құрамасы сапынан Олимпиада ойындарында жекелей сында Александр Шевчкенко бақ сынайды. Ол чехиялық Якуб Меншикпен шеберлік байқасады.

    Қазақстандық теннисші Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.