jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әбиба Әбужақынова Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова
    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде парагвайлық Габриела Нарваэспен кездесті. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы жеңіске жетті.

    Еске салайық, Әбиба алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен күш сынасып, 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейін ол 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта "иппон" әдісімен жеңды. Алайда ширек финалда испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алған болатын.

    Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындырына алғаш рет қатысып жатыр. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте 5576 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.

    Айта кетейік, ерлер арасында сынға түсіп жатқан қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға өтті. Ол ақтық сынға шығу үшін испаниялық дзюдошы Франсиско Гарригоспен белдеседі.

    Әбиба Әбужақынова Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.