jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасын сәтті бастады

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: olympic.kz

    Париж Олимпиадасының үстел теннисі бәсекесінде Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Кирилл Герасименко алғашқы айналымдағы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының үстел теннисі бәсекесі басталды. Жарыстың 1/32 финалдық кезеңінде қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко Чили елінің өкілі Николас Бургосқа қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 4 сетте (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасының алғашқы күнінде ел қоржынына 1 алтын, 1 қола жүлде түсті. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, ату спортынан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қолаға қол жеткізді.

    Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтаған болатын.

    Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасын сәтті бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.