Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы төртінші Олимпиадасында жүлде иелене алмады

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев
Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев. Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында академиялық ескек есуден жұбаныш сайысына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жарыс жолына бес спортшы шықты. Владислав Яковлев мәреге төртінші болып жетті. Ол 2000 метр қашықтықты 7 минут 21,12 секундта бағындырды.

Осылайша, академиялық ескек есуден Қазақстан намысын қорғаған жалғыз спортшы жүлдеге таласа алмайтын болды. Енді ол кестенің төменгі орындары сарапқа салынатын E/F жартылай финалында бақ сынайды.

Яковлев кеше, 27 шілдеде жекелей сындағы іріктеуде алты спортшының ішінен бесінші болып мәре сызығын кескен еді. Оның көрсеткіші 7 минут 21,56 секунд болды. Бұл алтылықта үздік нәтиже көрсеткен үш ескекші ширек финалға өтті.

31 жастағы Яковлев мансабында төртінші рет Олимпиада ойындарына қатысып жатыр. Ол 2012 жылы Лондонда жалпы есепте 28, Риода 31, Токиода 19-орыннан көрінген.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының екі жүлдесі бар. Нысана көздеу спортынан Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140869-qazaqstandyq-sportshy-tortinshi-olimpiadasyn-da-zhuldesiz-aiaqtady/