
Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілдері Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский Париж Олимпиадасының ерлер арасындағы жекелей іріктеу турнирінде бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Екі спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден сынға түсті. Сәтпаев 21, Малиновский 32-орын алып, финалға өте алмады.
Еске салайық, Ислам Сәтбаев 27 шілдеде тағы бір қазақстандық мерген Александра Лемен бірге 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.
Ал бүгін, 28 шілдеде Александра Ле нысана көздеуден әйелдер арасындағы жекелей сынның финалына өтті. Ол 631,4 ұпай жинап, іріктеу турнирінде алтыншы орын алды. Жарыс ережесі бойынша, финалға үздік сегіз спортшы шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2140891-qazaqstandyq-mergender-parizh-olimpiadasynyng-irikteuinde-baq-synady/