Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/16 финалдық кезеңінде қазақстандық Вадим Шарлаимов жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бойынша 1/16 финалдық кезеңдегі сайыстар басталды. Жарыстың бұл айналымында қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов франциялық Янник Боррельмен бақ сынасты. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша қазақстандық семсерлесуші 13:15 есебімен жеңіліс тапты.
Сонымен қатар бүгін шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сында Эльмир Әлімжанов пен Руслан Курбанов жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, Олимпиаданың бірінші күні ел қоржынына екі жүлде түсті. Қазақстандық мергендер аралас командалық бәсекеде қола жүлдені қанжығасына байласа, дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140912-semserlesushi-vadim-sharlaimov-tartysty-kezdesude-frantsiialyq-sportshydan-zhengilis-tapty/