Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Курбанов Олимпиада чемпионына жол беріп қойды

Жарияланған күні:

Семсерлесуші Руслан Курбанов
Семсерлесуші Руслан Курбанов. Фото: Olympic.kz

Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бәсекесінің ширек финалында қазақстандық спортшы Руслан Курбанов өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шпагамен семсерлесу бәсекесінің ширек финалдық кезеңінде қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов жапониялық Кано Кокимен сынға түсті.

Үш кезеңнің нәтижесі бойынша отандасымыз 6:15 есебімен жеңіліс тапты.

Жапониялық семсерлесуші Кано Коки 2021 жылғы Токио Олимпиадасында командалық бәсекеде жеңімпаз атанған. 2022 жылғы әлем чемпионатында командалық сында қола жүлде еншілесе, 2023 жылғы Азия біріншілігінде жекелей сайыста топ жарған.

Айта кетейік, шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов италиялық Федерико Висмараға есе жіберіп қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140966-ruslan-kurbanov-olimpiada-chempionyna-zhol-berip-qoidy/