Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Александр Шевченко жарыс жолынан шығып қалды

Жарияланған күні:

Теннисші Александр Шевченко
Теннисші Александр Шевченко. Фото: MI News/NurPhoto via Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы айналымында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Александр Шевченко теннис турнирінің алғашқы айналымында ATP рейтингінде 81-орында тұрған чехиялық Якуб Меншикке қарсы ойнады.

Екі сеттің қорытындысы бойынша Александр Шевченко 3:6, 4:6 есебімен есе жіберіп қойды.

Айта кетейік, кеше, 27 шілдеде қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ елінің спортшысы Тэйлор Фрицке есе жіберіп қойған болатын.

Сонымен қатар осыған дейін екі қазақстандық теннисшінің Париждегі байрақты бәсекеге қатыспайтыны белгілі болған. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның өкпесі қабынып, дәрігерлер теннисшіге жарысқа қатысуға рұқсат бермеген. Ал Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты Олимпиададан шет қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140989-parizh-olimpiadasy-aleksandr-shevchenko-zharys-zholynan-shygyp-qaldy/