jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады

    Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин
    Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин. Фото: JUNG YEON-JE/AFP via Getty Images

    Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы Италия командасымен бәсекеге түсті. Ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады. Негізгі уақыт 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал қосымша уақытта Италия құрамасы жеңіске жетті.

    Айта кетейік, қазақстандық садақшылар 25 шілдеде рейтингтік раундта сынға түскен еді. Ильфат Абдуллин 29-орын (663 ұпай) алса, Дәулеткелді Жаңбырбай 22-орынға (668 ұпай), Александр Еременко 59-орынға (640 ұпай) табан тіреген болатын.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш медалі бар. Нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлде еншілесе, дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған еді.

    Садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.