Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жүзгіш Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады

Жарияланған күні:

Әділбек Мусин
Әділбек Мусин. Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Әділбек Мусин 100 метрге жүзуден Париж Олимпиадасының іріктеуіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 30 шілдеде қазақстандық жүзгіш Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысып, келесі кезеңге жолдама ала алмады. Әділбек Мусин 6-топта өнер көрсетіп 100 метрді 49,92 секундта бағындырды. Десе де бұл нәтиже Олимпиаданың жартылай кезеңіне шығу үшін жеткіліксіз.

Айта кетейік, Әділбек Мусиннің аталмыш сындағы жеке рекорды 49,10 секундты құрайды. Ол бұл нәтижені 2022 жылғы Азиада ойындарында тіркеген еді.

Ел қоржынында Париж Олимпиадасының 3 жүлдесі бар. Қазақстандық спортшылар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, ату спортынан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қолаға қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141890-qazaqstandyq-zhuzgish-parizh-olimpiadasynyng-zhartylai-finalyna-shyga-almady/