Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин алғашқы айналымнан аса алмады

Жарияланған күні:

Ильфат Абдуллин
Ильфат Абдуллин. Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин садақ атудан сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Садақ атудан жарыстың 1/32 финалдық кезеңінде қазақстандық Ильфат Абдуллин канадалық Эрик Питерспен бақ сынасты. Бұл кездесуде қазақстандық спортшы канадалық қарсыласына 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ қазақстандық садақшылар 25 шілдеде рейтингтік раундта сынға түскен еді. Бұл кезеңде Ильфат Абдуллин 29-орынға (663 ұпай) тұрақтаған болатын.

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында Италия құрамасымен бақ сынап, қосымша уақытта есе жіберіп қойған еді. Бұл бәсекеде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142096-qazaqstandyq-sportshy-ilfat-abdullin-algashqy-ainalymnan-asa-almady/