jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірнеше сатыға төмендеді

    Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты
    Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты. Фото: Michael Reaves/Getty Images

    Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы бірнеше сатыға төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Олимпиада ойындарындағы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде Бельгия және Ирландия құрамаларымен 20-орында тұр. Ел қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

    Медаль кестесінде Қытай құрамасы 11 алтын, 7 күміс, 6 қола медальмен көш бастап тұр. Ал екінші орынға АҚШ жайғасса (9-15-13), үшінші орынға Франция (8-11-8) табан тіреді.

    Еске салайық, 29 шілдеде Қазақстан құрамасы үздік ондықта тұрған еді. Ал 30 шілдеде командамыз 12-орынға сырғыған болатын.

    Париж Олимпиадасының медаль кестесі
    Париж Олимпиадасының медаль кестесі: olympics.com

    Еске салайық, осыған дейін 2 тамызға арналған жарыс кестесін жариялаған едік. Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады.

    Олимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірнеше сатыға төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.