jitsu gif
Спорт

    Елдос Сметов мансабын қашан аяқтайды: жеке бапкері жауап берді

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов
    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов. Фото: ijf.org

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев "Спорт Министрі" Youtube арнасына берген сұқбатында дзюдошының мансабы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дзюдошының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев сұқбат барысында Елдос Сметовтің әлі де болса спортта жүруі керек екенін, оның тәжірибесі қазіргі спортшыларға қажет екенін жеткізді.

    "Елдоспен әлі бұл туралы сөйлескен жоқпыз. Меніңше Елдос спортта жүруі керек. Бірақ Елдос өзі шешеді. Менің ойымша ол спорттан алыстамауы керек. Дзюдода артынан ілесіп келе жатқан балаларды көтеруі керек", - деді бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.

    Сондай-ақ Ғалымжан Жылгелдиев дзюдошы Елдос Сметовтің бойындағы ерекше мінезі мен қасиеті туралы айтқан болатын.

    Айта кетейік, Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

    Елдос Сметов мансабын қашан аяқтайды: жеке бапкері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.