Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жартылай финалдық кезеңіне шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жұбаныш кезеңінде фальстарт (уақытынан бұрын бастап кету) жасап қойып, дисквалификация алып қалды.
Жарыстан шеттеліген қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов жартылай финалдық кезеңге шыға алмады. Жартылай финалға бұл топта үздік нәтиже көрсеткен 2 спортшы шығады.
Қазақстандық спортшы Давид Ефремов алғашқы іріктеу айналымында 13,88 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобындағы сегіз атлеттің ішінде мәреге жетінші болып келген болатын.
Сондай-ақ 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат 00:14-те жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде бақ сынайды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145159-david-efremov-zhartylai-finalga-shyga-almady/