Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде сынға түсті. 15 спортшы бақ сынаған финалдық кезеңде жеңіл атлет Нора Джеруто мәреге 9:08:97 уақытта жетіп, 9-орын алды.
Жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде мәре сызығын 9 мин 16,46 секундта кесіп, ақтық кезеңге жолдама алған еді.
Айта кетейік, Нора Джеруто – Кения елінде дүниеге келген. Ол 2022 жылдан бері Қазақстан атынан халықаралық турнирлерге қатысып жүр. Жеңіл атлет 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем біріншілігінде топ жарып, алтыннан алқа тағынған болатын. Осылайша тәуелсіз Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
- Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты
- Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер жүлдеден қол үзді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145448-parizh-olimpiadasy-nora-dzheruto-finaldyq-kezengde-oner-korsetti/