Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошы соңғы секундтарда Олимпиада чемпионына есе жіберіп қойды

Жарияланған күні:

Самирхон Абабакиров
Самирхон Абабакиров. Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиламен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 1:2 (12:6, 3:4, 3:7) есебімен жеңіліс тапты.

Кездесудің соңына дейін басымдықты сақтап келген отандасымыз жекпе-жектің аяқталуына 13 секунд қалғанда есе жіберіп қойды.

Егер Вито Делль'аквила финалға дейін жетсе, Самирхон Абабакиров қола жүлде үшін жұбаныш кездесуінде сынға түсе алады.

Самирхон Абабакиров – G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиада ойындарында топ жарған.

Вито Делль'аквила – осы салмақта Токио Олимпиадасында алтын жүлде иеленген, әлем чемпионатында топ жарған және қола жүлдесін еншілеген. Сондай-ақ италиялық таеквондошы Еуропа чемпионы, Гран-при турнирлерінің чемпионы деген атақтары бар.

Айта кетейік, 80 кг салмақта ел намысын қорғайтын тағы бір қазақстандық таэквондошы Батырхан Төлеуғали Мали спортшысы Исмаэль Кулибалимен 9 тамызда сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145829-qazaqstandyq-taekvondoshy-olimpiada-chempionyna-ese-zhiberdi/