Каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Бровкова сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында 200 метрге каноэде ескек есуден әйелдер арасында жекелей сында Мария Бровкова бақ сынады. Нәтижесінде 19 жастағы қазақстандық спортшы өз тобында өнер көрсеткен алты спортшының ішінен мәреге бесінші болып келді. Оның көрсеткіші – 48,43 секунд.
Жарыс ережесі бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады.
Айта кетейік, кеше, 7 тамызда 1000 метрге байдаркада ескек есуден Бекарыс Раматулла және 1000 метрге каноэде ескек есуден Сергей Емельянов іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146282-19-zhastagy-qazaqstandyq-sportshy-olimpiadanyng-irikteu-kezenginde-baq-synady/