Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғап жатқан тұңғыш би-бой Әмір Зәкіров топтық кезеңдегі алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
D тобына түскен Әмір Зәкіровтің алғашқы қарсыласы Menno лақап атымен танымал Нидерланд брейкдансері болды. Екі би-бой диджейдің әуеніне импровизация жасап өнер көрсетті. Бұл бәсекеде Әмір 0:2 (1:17) есебімен жеңіліп қалды.
Десе де қазақстандық би-бой топтық кезеңді әрі қарай жалғастырады. Енді ол тайпейлік Quake және марокколық Billy есімді брейкдансерлермен батлға шығады.
Халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танымал Әмір Зәкіров Шанхайда және Будапеште өткен Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша 71 ұпай жинап, алтыншы орынға жайғасқан еді. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Брейкинг биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді. Осылайша, Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғап жатқан алғашқы спортшы атанып отыр.
- Әлішер Ерғали ширек финалда әлем чемпионына есе жіберді
- Әлішер Ерғали алғашқы айналымда жеңіске жетіп, ширек финалға шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147286-olimpiadada-baq-synap-zhatqan-tunggysh-qazaqstandyq-breikdanser-algashqy-qarsylasyna-ese-zhiberdi/