Бүгін, 12 тамызда бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстандық боксшыны Алматы әуежайында жақындары мен жанкүйерлері, БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды.
Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары аясындағы бокс бәсекесінен Назым Қызайбай қола жүлде еншілеген болатын.
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында ең алғаш өткізген жекпе-жегінде италиялық боксшы Джордана Соррентиноны жеңген. Ал екінші жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейдадан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алған. Сонымен қатар ширек финалда колумбиялық боксшы Каролайн Барбозадан айласын асырған. Ал жартылай финалда Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юге есе жіберіп қойған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147565-olimpiadanyng-qola-zhuldegeri-nazym-qyzaibai-elge-oraldy-foto/